ХОЛДИНГ ТУРАЛЫ

Біз туралы көбірек біліңіз

Samgau холдингі ауқымды ІТ-жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі мол ІТ-мамандарынан құрылған болатын. Samgau холдингі бұл – ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды күнделікті өмірге енгізу және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді мақсаты қылған жүздеген кәсіпқойлар.

Біздің тәжірибеміз ІТ-қызметтерінің толық жиынтығын қамтиды

bubble_chart ЖОБАЛАУ

Пәндік саланы зерттеу, талаптарды жинақтау және талдау, техникалық тапсырмаларды, ерекшеліктерді әзірлеу, техно-жұмыстық жобалау, техникалық және пайдалану құжаттарының жинағын жасау

widgets ӘЗІРЛЕУ

Бағдарламалық кодты, бағдарлама архитектурасын және компоненттердің әрекеттесу сызбанұсқасын әзірлеу, бағдарламалық кодтың жұмыс істеу қабілеттілігін тексеру, кешенді сынақтарды ұйымдастыру және өткізу, шешімдер апробациясы, ақпараттық жүйелердің тәжірибелік пайдалануын өткізу

offline_pin ОРНАТУ

Жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыруды орнату, бағдарламалық платформаларды іске қосу және баптау, бағдарламалық-аппараттық кешендерді жүйелік басқару, ұйымдастыру, синхрондау, дерекқор репликациясы, ақпараттардың орын ауыстыруы

account_circle ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК

Қолданушыларды техникалық қолдау, кеңес беру, күрделі мәселелерді шешу, үйрету

verified_user ҚАУІПСІЗДІК

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жүйелік аудит және дәлсіздіктерді іздестіру, ақпаратты қорғауды ұйымдастыру, жүйелерді ақпараттық қауіпсіздік үшін куәландыру үдерісіне дайындау

settings ӘКІМШІЛІК

Серверлік жабдықтарды, сақтау жүйелерін басқару, активті және пассивті желілік жабдықтарды баптау, қорғалған желілік қосылуларды (VPN) ұйымдастыру, желі, бейнебақылау жүйелерін тарту және жөндеу

Қолданушыларды техникалық қолдау және бағдарламалық-аппараттық кешендерді басқару Тапсырыс берушінің қалауы бойынша өздері орналасқан жерде және қажет болған жағдайда 24/7 тәртібінде жүзеге асырылады

supervisor_account КОМАНДА

Біздің кәсіптік команда, өзіннің кәсіби білімің мен дағдыларын үнемі жетілдіретің, ұйымшыл, ынтымақты және жоғары білікті мамандардаң тұрады. Көптеген жылдық тәжірибе ішіндегі ақпараттық технологиялық проектілерді жүзеге асыру барысында, біз бір-біріміздің арасында түсіну қабылетің ғаңа емес, сонымен қатар клиенттерді де емеурінінен түсінуді үйрендік. SAMGAU холдингі соңғы технологияларды міңдетті түрде үйрену және тұрақты сертификаттау рәсімдерін, тексерулер мен сынақтар өткізуің әрдайым қамтамасыз етеді.

call_split ИНФРАСТРУКТУРА

Samgau холдингі өзінінің жекеменшік қуатты бағдарламалық және аппараттық инфрақұрылымына ие. Өз жұмысымызды орындауда біз алдыңғы қатарлы технологиялар мен соңғы үлгідегі компьютерлік техника, серверлік және желілік жабдықтарды қолданамыз. Біздің серверлік жабдықтар қазіргі заманғы жоғары технологиялық алаңдағы үздіксіз қорек көзімен және жоғары жылдамдықты Ғаламтор желісіне қосылумен қамтамасыз етілген мемелекеттік деректер орталықтарында шоғырланған. Резервтік жабдықтар, сонымен қатар тестілеу алаңдары да байланыстың оптикалық каналдарымен және сенімді үздіксіз қорек көздерімен қамтылған жекеменшік орындардарда шоғырландырылған.

done_all САПА

Бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және олардың жұмыс істеу қабілеттілігін тексеру, әдетте, өзіміздің кеңселерімізде және зертханаларымызда жүзеге асырылады. Жоба талабына байланысты бағдарламалық өнімді әзерлеу Тапсырыс берушінің территориясында ұйымдастырылуы мүмкін.